Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қизгидромет» РМК синоптиктері демалыс күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Ылғал қоры мол солтүстік циклон жақын күндері бұлтты және күзге тән салқын ауаны алып келеді. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік, орталық, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы елдің көп бөлігінде күндіз 10-20 градус жылы болса, шығыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін ысиды.

Мақалаға реакция