45 миллионға бағаланған көне Құран

Анашка Хаджимурадова атасы қайтыс болғаннан кейін оның кейбір заттарын сақтаған екен. Олардың арасында көне кітап та болған. Әйел кітаптың мұқабасына қарап оның ежелгі екенін байқаған. Алайда оны аукционға қоймақшы болғанда, бағалаушылар Құранның құнын миллионға бағалаған.

«Біз екі рет сараптама жасаттық, оның екеуі де Құранның XVI ғасырдың басына тиесілі екендігін растады. Оның ішінде Құранның кімге, қашан берілгендігі жазылған парақша бар», — дейді Анашка Хаджимурадова.

Оның айтуы бойынша, Лондонда бұл Құранға 12 миллион ұсынған, кейін бағаны 45 миллионға дейін көтеру туралы ұсыныс білдірген. Алайда, Хаджимурадова қасиетті кітапты сатып, пайда тапқысы келмеген. Құран мешітке сыйға тартылды.

«Ақшамен бақыт сатып ала алмайсың, біз сатудан бас тарттық. Оны сыйға тартуды жөн санадық. Мешітке кез келген уақытта барып, Құранды көруге болады. Балаларыма және туыстарыма көрсетуге мүмкіндік бар. Себебі, ол жерде кітап ұзақ уақыт бойы сақталады, — дейді кітаптың иесі.

Табылған Құран — көне кітап, Сирияда қолмен жазылған.

ДереккөзInform.kz