Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасылар тексеріледі

Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларды тексеру туралы мәселе бас прокуратурадағы ведомствоаралық кеңесте көтерілді.

Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бас прокуратура құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін прокуратура қызметкерлері қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады, — делінген хабарламада.

Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сынақтан өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллиң мәселелері бойынша 50-ден астам түзетуді қамтитын заңнамалық сипаттағы ұсыныс жасады.

Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайды.