Жаңадан ашылған бөлімшеде жоғары мамандандырылған күрделі оталар жасалады.
Аудан орталығында ашылған бөлімшеде шет елде білімін жетілдіріп келген білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Сондай-ақ орталықта арнайы дағдыланған, тәжірибиелі мейірбикелер мен кіші қызметкерлер қызмет атқарады. Олар үздіксіз науқасқа күтім мен ем шараларын жүргізуде.
Инсульт орталығы компьютерлік томография мен төсек орындар функционалды керуеттер, жеке монитор т.б қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда дәрігерлер тромболизистік терапия, нейрохирургиялық ота, ерте оңалту процедуралары, логопедтік массаж сынды инсульттен кейінгі қалыпқа келтіретін емдеу жүргізеді. Орталық ашылғаннан бастап 4 нейрохирургиялық ота, 3 тромболизистік терапия жүргізілді.
