Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Қазақстанның екі облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін

Фото: Кapital.kz
Қазақстанның екі облысына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін.

Ақмола облысы мәслихатының сайтында 5 қыркүйекте сағат 10.00-де облыс әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша облыс мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетіні туралы хабарландыру жарияланды.

Осындай хабарландыру Жамбыл облысы мәслихатының сайтында да пайда болды.

2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 11.00-де Тараз қалалық білім бөлімінің оқушылар сарайында облыс әкімінің тағайындалуына келісім алу үшін Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция