Орал жастары пайдалы кеңес алды

7 тамыз күні Оралдағы «Форум» сауда үйі аумағында Халықаралық жастар күніне орай «Жастарға дүйсенбілік кеңес» шарасы өтті. Шараны Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Орталық шаһардағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастармен жұмыстанады. Аталмыш іс-шара талай жастын мамандық бойынша қызметке орналасып қоғамда өз орнын табуға септігін тигізді. Бүгінгі таңда жас буынның қоғамда өз орынын тауып, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жүйелі қызмет атқарып келе жатырған орталық жыл басынан бері «Жастарға кеңес» жобасын жүйелі түрде өткізіп  келеді. 

Кезекті  шара барысында жастар ресурстық орталықтары бастамасымен жүзеге асырылып жатырған ірі жобалар, гранттық қолдау, мемлекет тарапынан бизнес үшін жастарға арналған жеңілдетілген несие және жазғы маусымдық жұмыстарға орналасу бойынша ақпарттар түсіндірілді.

Шаһар жастары арасындағы жұмыссыздық мәлесін азайтуға ықпал ету мақсатында бұл жоба өз нәтижесін беруде. Қазіргі таңға дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша жыл басынан бастап «Жастар тәжірбиесіне» — 100 (509 квота саны) жас, «Алғашқы жұмыс орны» — 7 (46 квота) жас, «Қоғамдық жұмысқа» — 50 жас, «Әлеуметтік жұмыс орны» — 16 жас, «Бастау бизнес» бойынша оқуға қатысқандар– 410 жас, тұрақты жұмысқа – 321 жас орналасып, қызмет атқаруда.

Жастарға арналған 2,5% микрокредит бойынша 45 орын жоспарланған, қазіргі таңда  комиссия отырысында 26 адамның өтініші оң шешімін тапты. Жазғы маусымдық жұмыстар бойынша «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында 300 квота  бөлініп жұмыстар жүргізілуде (маусым — 100, шілде -100, тамыз — 100 жас). Жат ағымның жетегінде кетпеу мақсатында теолог мамандар жастарға діни ақпарат көздерін ұсынып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да