Елімізде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады

Қазақстан өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі, — делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанып жатыр.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2+10-ға дейін төмендейді. Күндіз +10+20 жылыға дейін аздап жылынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да