Қатты жаңбыр, сулы қар, бұршақ. Күздің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық ауа райы болады.

Өңірдің солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде қатты жаңбыр жауады.

Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын, найзағай, бұршақ, екпінді жел, сулы қар түрінде болуы мүмкін.

Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20 жылы, түнде таулы аймақтарда 0-5 жылы болуы мүмкін,- делінген хабарламада.

Республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде таңертең және түнде тұман болуы мүмкін.