Астанада PRO.NRG FEST үлкен ғылыми отбасылық фестивалі өтеді

Астанада 9 қыркүйекте PRO.NRG FEST — балалар мен ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді.

PRO.NRG FEST-те мектеп оқушылары мен ата-аналар білімқұмар зерттеушіге айналады. Ғалымдар фестивальде күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндірсе, мұғалімдер балалардың сабағын жарқын, қызық және тартымды ету жолдарын айтып береді.

PRO.NRG FEST Қазақстандағы ең ірі ғылыми-танымал фестивальдердің біріне айналды. Бұл барша отбасы мүшелерін қамтитын ағартушылық шара былтыр алғаш рет өтті және оған 6 мыңнан астам көрермен келді.

Сізді фестивальде не күтеді:

  • ғылым мен технология, заманауи өнер мен білім беру трендтері туралы қызық ғылыми дәрістер
  • ғылыми шоулар мен квесттер
  • өз қолыңызбен жасалатын эксперименттер
  • қазақстандық ғылым және білім жұлдыздарымен кездесулер.

Фестивальдің идеясы — үйреншікті құбылыстардың түбіне үңіліп, ғылымның әрқашан қасыңызда екенін көру.

PRO.NRG FEST фестивалі – Қазақстан мектептерінде STEAM көмегімен шығармашылық пен зерттеуге жол ашқан креативті, жаңашыл мұғалімдер туралы көбірек білуге болатын алаң. Олар оқу процесі қызық және тиімді болуы үшін ең озық білім беру технологияларын қолданады. 

Сондықтан биыл фестиваль аясында Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы өтеді.