Биыл резидентураға бөлінген грант саны 2 500-ге дейін өсті

Биыл резидентураға бөлінген грант саны 2 500-ге дейін өсті. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70%-ке артатынын айтқан еді.

Үкіметтің мәліметінше, осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ке – 1 500-ден 2 500-ге дейін өсті.

Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:

  • Акушерлік және гинекология – 214
  • Анестезиология және реаниматология – 200
  • Неонатология – 119
  • Терапия – 115
  • Жалпы хирургия – 98
  • Неврология – 92
  • Психиатрия – 88
  • Оториноларингология – 83
  • Кардиология – 78
  • Офтальмология – 66
  • Жұқпалы аурулар – 63
  • Травматология-ортопедия – 62
  • Эндокринология – 55
  • Қалғандары – 1167, — делінген хабарламада.