“Қазгидромет” РМК 27-29 тамыз аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты ауа райы болжамын жариялады.
Астана
27 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 19 + 21 °C, түнде: + 12 + 14 °C.
28 тамыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Ауа температурасы күндіз: +16 + 18 °C, түнде: + 11+13 °C.
29 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Соққан желдің күндізгі екпіні — 9-14 м/с, түнде — 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +18 + 20 °C, түнде: + 10+12 °C.
Алматы
27 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы күндіз: +23 °C, түнде: + 18 + 20 °C.
28 тамыз: аспан бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15 м/с. Ауа температурасы күндіз: +21 + 23 °C, түнде: + 16 + 18 °C.
29 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 21 + 23 °C, түнде: + 13 + 15 °C.
Шымкент
27 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы күндіз: +17 °C, түнде: + 16 + 18 °C.
28 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +24 + 26 °C, түнде: + 13 + 15 °C.
29 тамыз: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 28 + 30 °C, түнде: + 13 + 15 °C.