Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Ержан Иманзайыпов Павлодар қаласы әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы 2023 жылы 26 тамызда Павлодар облысы әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада жазылған.

Хабарлада әкімнің қызметтен босатылу себептері жазылған.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын анықтау бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастыра алмағанына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмағанына, жергілікті халықпен байланыстың әлсірегеніне байланысты атқарып отырған лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді жариялады, делінген хабарламада.