TikTok желісінде блогерлер Қазақстан жазушыларының туындылары туралы видео түсіріп, қазақ әдебиетін дәріптеп жүр. Олардың контентін бірге шолып шығайық.

Кеңестік Қазақстан туралы эпикалық суреттер

TikTok-тағы @karinaloveslit деген парақшаның авторы Карина – жан-жақты, белсенді қыз. Ол көп нәрсеге қызығады: классика, бестселлер, жаңа хит туындылар. Карина Агата Кристидің детектив жанрындағы кітаптарын, Аркадий мен Борис Стругацкийдің фантастика романын, Альберт Камюдің экзистенциал философиясын және Варис Дири мен Кэтлин Миллердің «Шөл гүлі» еңбегін сүйіп оқиды.

Карина қазақ әдебиетін де ұнатады. Мысалы, ол өзінің видеосының бірін Кеңестік Қазақстан жазушыларына және олардың кітаптарына арнады. Бейнедегі топтамасында қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің «Тікен жол» деген өмірбаян кітабы бар. Автор өзінің естеліктерінің негізінде Қазақстандағы революция мен азаматтық соғысты баяндаған. Блогердің сүйікті кітаптары топтамасында қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» тарихи-революциялық трилогиясы көш бастап тұр. Оған қоса роликте Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы, Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» эикалық шығармасы көрсетілген.

Happy end-пен аяқталатын поэмалар

TikTok-тағы @rip.kazashka деген парақшаның авторы Әлия – әзілқой қыз. Ол — мамандығы бойынша филолог: әзілқой қыз орыс және қазақ тілінде қате жазатын жігіттер туралы айтып, олардың үстінен мысқылдап әзілдейді.  Оған қоса ол — нағыз кітапқұмар адам!

Филология факультетінің түлегі happy end-пен аяқталатын қазақ әдебиетіндегі жалғыз лирикалық-эпикалық поэма туралы видео түсірген. Бұл — «Айман-Шолпан» халық шығармасы. Поэманың бас кейіпкері Айманның бойында абырой мен қадір-қасиет, жомарт болу, батыл болу сияқты ең жақсы қасиеттер бар. Сюжетте ол араздасқан екі руды татуластыруға тырысып, бауырын тұтқыннан босатады.

Сонымен бірге блогер бір видеосын Ілияс Есенберлиннің бағаланбай қалған «Мұхитта жүзетін қайық» деген романына арнаған. Танымал классиктің романы 1970 жылдардың басында жазылған, бірақ тек 1991 жылы жарық көрді. Оған кітапта партиялық номенклатураның танымал жетекшілері жағымсыз кейіпте екені себеп болған. Бас кейіпкер – Ақылбек Ахметжанов. Оның прототипі Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев болатын. Бірақ авторға «роман жарыққа шығып, тек бас кейіпкер ақылды болып, қалғандарын ақымақ етіп көрсетсе, Қонаев ыңғайсыз жағдайға тап болуы мүмкін» деп ескертілген екен.

Үздіктердің кітабын оқимыз

TikTok-тағы @booklibra деген парақшаның авторы Аида кітап оқығанды жаны сүйетіні соншалық, кітап дүкеніне жұмысқа орналасқан. Ол бұл туралы бір видеосында айтты. Қыздың классикадан бастап жаңа бестселлерлерге дейінгі терең білімі қайдан пайда болғаны белгілі болды. Автордың видеоларының тақырыбы әртүрлі, оған қоса конттенті өте әдемі етіп бере біледі.

Аиданың бір видеосының тақырыбы — қазақстандық баспалар. Онда ұлттық әдебиеттің үздік үлгілері — Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолағы» және Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпаны» бар. Бірінші кітап халық батыры, балуан және композитор Балуан Шолақтың өмірін баяндайды. «Ұлпан» романында 19 ғасырдың аяғында қазақ ауылында өмір сүрген, бірақ өз заманынан жоғары көтеріле білген ерекше әйелдің бейнесі ашылады. Ұлпан ауылдастарының қарсылығына тап болып, өз көзқарасын қорғаудан қорықпады. Бұл жинаққа Лиза Крушенің «Анархиялық жүрек», Артур Конан Дойлдың «Баскервилей иті», Эмили Бронтенің «Күркіреген асу», Чарльз Диккенстің «Үлкен үміт» және Сьюзан Коллинздің «Аш ойындар» сияқты заманауи шығармалар да енген. Тағы бір видеода TikTok авторы Абайдың «Қара сөздерінің» таңғаларлық басылымын көрсетеді. Қыз осы терең және әдемі кітаптың беттерін мұқият ашып, парақтайды.

TikTok-тағы блогерлердің бұл контенті көрерменге кітап оқудың пайдасы мен маңызын жеткізіп қана қоймай, Қазақстанның ұлттық әдеби мұрасын еске түсіруге көмектеседі.  Қысқа форматтағы роликтер қолданушылардың әдеби жаңалықтарға деген қызығушылығын арттыруы да мүмкін.

Тағы оқыңыз: Ғылымды әлеуметтік желіде насихаттап жүрген блогерлер кімдер?