Тест: Қазақ әдебиетінің қай кейіпкерісіз?

0%

Балалы болғыңыз келе ме?

Әлсіз тұсыңыз қандай?

Мына істің қайсысы жаныңызға жақын?

Мына тізімдегі қай мамандықты таңдар едіңіз?

Құпияңыз көп пе?

Сүйіктіңіз үшін қандай іске баруға дайынсыз?

Бойыңыздағы қай қасиетті жақсы деп танисыз?

Сіз үшін ең құнды сыйлық ...

Басты қаруыңыз қандай?

Демалыста не істегенді ұнатасыз?

Тест: Қазақ әдебиетінің қай кейіпкерісіз?
Ұлпан
Дархан мінез, ақылды адамсыз. Халқының ризық-бере­кесін қарақан басының бақытынан артық санаған данасыз. Жақындарыңыз үшін өзіңізді құрбан етуге дайынсыз. Сонымен бірге, өз ойы бар, көзқарасын ашық айтатын жансыз. Бір сөзбен айтқанда, Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романының бас кейіпкері Ұлпанға ұқсайсыз.
Ербол
Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романындағы Ербол есіңізде ме? Сіз де сол секілді аққөңіл, аңқылдаған әрі білімге құштар жансыз. Кез келген ортада ашылып, тез тіл табысып кете алмайсыз. Дегенмен досқа адал жансыз.
Бекежан
Эмоцияға тез берілетін, қызуқанды, қызғаншақ адамсыз. Ең жақсы қасиетіңіздің бірі - алға қойған мақсатыңыз үшін бәрін істеу. Дегенмен діттегеніңізді орындау кезіндегі іс-әрекетіңіздің басқаға зияны тимеу керек екенін ескерген жөн. "Ендеше, қай кейіпкермін?" дейсіз бе? Біздің ойымызша, сіз - "Қыз Жібек" жырындағы Бекежансыз.
Шолпан
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі" атты әңгімедегі бас кейіпкер Шолпанға ұқсайсыз. Ол - әртүрлі сыртқы жағдайдың және ішкі толқыныстың нәтижесінде үнемі өзгеріп, үрдіс дамып отыратын мінез иесі. Мысалы, сіз үшін сүйген адаммен бірге болу немесе сүйікті іспен айналысудың өзі - үлкен бақыт. Мұндай кезде сізге ешкім де, ешнәрсе де керек емес. Дегенмен "Жұрт не дейді?" деген ой да сізді мазалайтыны өтірік емес. Сондықтан өзгенің пікіріне мән беремін деп, Шолпан сияқты күнә арқалап кетпеңіз. Ең бастысы өз-өзіңізді жоғалтып алмаңыз.
Жібек
Ел қызығарлық сұлусыз. Тіпті сізге сыртыңыздан ғашық жандар көп шығар. Арманыңыз - өзіңізді құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Сізге керегі - жүректі жалындата алатын, жаны таза, ақылды әрі көрікті адам. Шешенсіз. Қиын сәттерде ұтымды шешім қабылдай білесіз. Бұл қасиеттерге "Қыз Жібек" жырындағы Жібек ие болған.

Әлеуметтік желіде бөлісу: