22 тамыз күні Алматы облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті және білім басқармасы өңірлік коммуникация қызметімен бірлесе пресс-тур өткізді.
Іс-шараның мақсаты-білім беру мекемелеріндегі күрделі жөндеу нәтижелерімен, сонымен қатар жаңа оқу жылында оқушыларды оқытуды ұйымдастыру үдерісімен танысу.
Журналистер өңірдің екі білім ошағында болды.
Атап айтсақ, Талғар ауданы Белбұлақ аулындағы № 10 ОМ және Іле ауданы Екпінді ауылындағы № 2 ОМ.
Департамент басшысының айтуынша, бұл мектептер сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан күрделі жөндеу кезінде бұл мәселе басты назарда, сондықтан 12 балға шыдайтын сейсмикалық нығайтулар орналастырылып жатыр. Мердігерлердің сөзінше жөндеу жұмыстары уақытымен атқарылады.
Алғашқы нысан Талғар ауданындағы мектептің жөндеу жұмыстары келер жылдың наурыз айында аяқталуы қажет. Білім мекемесіне күрделі жөндеу жасайтын мердігер ЖШС “SHEBERBUILD”
Екінші жөндеу жұмысы Екпінді ауылындағы 2 ОМ.
Құрылыс жұмыстар 25 маусым басталған, жөндеу жұмыстары аяқталуы 2024 жылғы наурыз айына жоспарланып жатыр. Мердігер ТОО “АзаматҚұрлыс”.
Қазіргі таңда облыс бойынша 10 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талғар ауданындағы №10 ОМ барлығы 585 оқушысы №32 мектепке уақытша көшіріледі, ал №2 ОМ 575 оқушысы №48 ОМ көшіріледі. Сонымен қатар №2 мектептің оқушыларына арнайы бір мектепішілік және үш автобус қарастырылған. Мектептердің құрылыс жұмыстары барлығы уақытымен жүргізіліп, аяқталады, — деді Ержан Жиренбай.
