Алматының «Жұлдыз» ықшамауданында орналасқан «Восточка» дәмханасына заңсыз қосалқы құрылыс жүргізілді.
Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Бұған дейін басқарма тұрғынның өтініші бойынша тұрғын үйге қосымша құрылыстың заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізген еді. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша тиісті рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды, бұдан басқа заңсыз нысан мемлекеттік қордың аумағында орналасқан, — делінген хабарламада.
Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 319, 323-бабы бойынша материалдарды Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жібере отырып, шаралар қабылдады.
Бүгінде заңсыз кеңейту соттың шешімімен бұзылып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын босатты.