Алматы тауларына барған туристер адасып кетті

Алматы тауларында туристер адасып кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, бүгін, 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түскен кезде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалған.

Түні бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, сағат 6.40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристі тапты.

Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.

ТЖМ құтқарушылары таулы жорыққа шықпас бұрын жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлап, бағытты, сонымен қатар қайту уақытын қысқаша ескерткен жөн екенін еске салады.