Қарағанды облысында өрт болған «Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Құтқарушылар шахтердің мәйітін сағат 22.40-та тапқан.
Ол 1996 жылғы Илья Старовойт болып шықты. Үш разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі төрт жыл.
Бұл апаттан мен қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахталардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істедік, ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге үлкен зардап келтірді. Қазір айтуға болатын ешбір сөз жақындарынан айырылған отбасыларды жұбата алмайды. «АрселорМитталТеміртау» атынан бұл апатқа және шахтадан қызметкерлердің барлығын сәтті эвакуациялай алмағанымызға үлкен өкініш білдіремін. Біз зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, — деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Бұған дейін АрселорМиттал Теміртау қаза болған төрт кеншінің аты-жөнін жариялаған болатын. Олар:
Денис Стешин, 1978 жылғы, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
Артур Халиков, 1994 жылғы, 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
Виктор Бургун, 1966 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Виталий Слюньков, 1965 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл.
Еске салайық, 17 тамызда сағат 10.05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында өрт шықты. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.