2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп, сонымен қатар 1 458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілді.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Бюро мәліметінше, пайдалануға берілген мектептердің ішінде 12 мектеп пен мектепке дейінгі 14 мекеме ауылды жерлерде орналасқан.
Алты мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген. Пайдалануға берілген жалпы білім беретін мектептердің көпшілігі Түркістан облысында – 11, Жетісу облысында – үш, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен. Астана қаласы және Ақтөбе облысында бір-бірден, — делінген хабарламада.
