Басты бетЖаңалықтарАлматыда әл-Фараби...

Алматыда әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыда әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әл-Фараби даңғылының Достықтан Асқаров көшесіне дейінгі 9 шақырымның жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын — 16 тамызда аяқталды. Бастапқыда жұмыс 31 тамызға дейін жалғасады деп жоспарланған. Бригадалардың күшейтілген режимде жұмыс жасағанының арқасында жұмыс мерзімінен бұрын аяқталды. Тротуарларды жөндеу жұмыстары тамыздың аяғына дейін жалғасады.

Бүгінде Есентай өзені арқылы өтетін көпірде жұмыс жүргізіліп жатыр. Қайта құру аяқталғаннан кейін, учаскенің жүріс бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Жол жұмыстарының басталғаны туралы қосымша хабарланады, — деді әкімдік өкілдері.