Алматы қаласында Qnet қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарған бес адам тергеуге алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Бес айыпталушы 2018 жылғы қарашадан 2022 жылға дейін Qnet қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған. Оған тартылған 45 салымшы 75 миллион теңгеден айырылған.
Қазіргі кезде бес тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 миллион теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынды, — делінген хабарламада.
Қаржы пирамидасын құру – қылмыстық жауапкершілікке жататын әрекет. Ол үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.