Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағында атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан ауа райының тұрақсыз сипаты жалғасады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде температуралық фон біртіндеп көтеріле бастайды, тек батыс аймақтарда температура төмендейді деп күтіледі, — делінген хабарламада.