Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–450 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446–449,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,5–450 теңге аралығында құбылып тұр.
11 тамыз күні кешке өткен сауда-саттықта доллардың орташа құны 0,96 тиынға қымбаттап, 446,00 теңге болды.
Ұлттық банктің 14 тамызға белгілеген ресми бағамдары: 1 доллар–445,81 теңге, Ресей рублі – 4,53 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,45–4,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,47-4,57 теңгеден ұсынылып жатыр.
