Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы министр Дархан Қыдырәліні қабылдады

Президент ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сонымен қатар жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сонымен қатар азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы министрлік азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін айтып өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.