Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала дерек бойынша ол – төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен еді.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биыл жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды, – делінген хабарламада.
