Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–450 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446–450,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446,5–449,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53–4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,65-4,75 теңгеден сатылып жатыр.
