CHERY Kazakhstan ресми дистрибьюторы алматылықтарға жарқын демалыс сыйлады. Жаңа CHERY TIGGO 2 кроссоверінің Қазақстан нарығына шығуына орай «Астана Моторс» MEGA Alma-Ata сауда орталығының амфитеатрында кеш ұйымдастырды. Іс-шарада HIRO және JCS өнер көрсетіп, көрерменге түрлі жүлде табысталды.
Бұл шағын кроссовердің дайын болғаны туралы жаңалық екі апта бұрын белгілі болды. Бағасының 7 миллион теңгеден жоғары болғаны жеке көлік сатып алу туралы әлі ойланбағандарды да қызықтырып қойды. Бірінші партиядағы 30 көлік алғашқы сағаттарда-ақ сатылып кетіп, рекорд жаңарды. Осылайша TIGGO 2 көлігіне үлкен сұраныс пайда болды.
Брендіміздің ерекше атмосферасын көрсету үшін бүгінгі шараны CHERY SUMMER VIBES деп атадық және шараға кез келген адам қатыса алғанын қаладық. Себебі TIGGO 2 көлігін «бүкіл әлемге» көрсеткіміз келді, өйткені біз оны Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытынан шығарамыз! — деді дистрибуция директоры Нұрлан Шамғонов.
Тұсаукесер үшін ұйымдастырушылар MEGA Alma-Ata сауда орталығын таңдаған. Бұл жер ауқымды іс-шараларды өткізуге өте ыңғайлы және алматылықтар мен қала қонақтарының ең сүйікті сауда орталығы.
MEGA сауда орталығында түрлі жастағыларға, түрлі қызығушылығы бар адамдарға арналған көптеген іс-шара өтіп тұрады, бірақ біз үнемі бүкіл отбасын біріктіретін іс-шараларға көбірек көңіл бөлеміз. Сондықтан да жаңа CHERY TIGGO 2 кроссоверінің тұсаукесерін өткізуді қолдадық, — деді MEGA Alma-Ata сауда үйінің директоры Никита Кочетков.
Еске салайық, кроссовер «премиум» конфигурациясында ұсынылған. TIGGO 2 кроссовері стильді және заманауи дизайнда, жайлы пен қауіпсіз етіп жинақталған. Кроссовердің қуаттылығы 109 л.с. CVT вариаторлы 1,5 литрлік атмосфералық қозғалтқышпен жабдықталған.
Көліктің салонында салқындатқыш және алдыңғы орындықтарды жылыту жүйесі орнатылған. Мультимедиалық TIGGO 2 Apple CarPlay және дауыстық басқаруы бар QDlink, төрт динамикті аудио жүйесімен біріктірілген. Көлік орталық құлыппен, электр терезелерімен, артқы көрініс камерасымен және тұрақ сенсорларымен жабдықталған. Ал өндірушілердің көлік сапасына сенімді болғаны сонша, олар CHERY TIGGO 2 автокөлігінің жоғары сенімділік параметрі үшін бес жылға немесе 150 мың шақырым қашықтыққа кепілдік береді.
Жаңа көлік жайлы толығырақ ақпаратты сайттан оқуға болады. Сонымен қатар көлікті көру үшін Қазақстандағы кез келген CHERY-дің 19 ресми дилерлік орталығына баруға болады.