Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен дауыл және де бұршақ күтіледі.

Бұл ретте температуралық фонда ерекше өзгерістер күтілмейді. Елдің батыс аймақтарында ауа райы әлі де ашық және ыстық болады, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция