Алматылықтар уақытша жарықсыз қалады. «Алатау ЖарықКомпаниясы» АҚ 7-11 тамыз аралығында Алматыда электр қуатын жоспарлы түрде өшіру кестесі туралы мәлімдеді.
Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына сымдарды бөгде заттардан тазарту, ішінара ауыстыру кіреді, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар бұл жұмыстар әдетте 1,5-2 сағаттан аспайтын мерзімде жүргізілетіні айтылады.
Бұл жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі бір учаскенің тұтынушыларын басқа қуат көзіне ауыстыру мүмкін болмаса, ерекше жағдайларда ғана нысандар қысқа уақытқа токтан ажыратылады. Кесте бойынша, өшіру Төле би, Сәтбаев, Абай, Мұқанов, Құрманғазы, Байзақов көшелерінің бойындағы тұрғындарға, сонымен қатар Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2, Алғабас, Жас-Қанат және т.б. ықшамаудандардың тұрғындарына әсер етеді, — делінген хабарламада.
Толық үзіліс кестесін мына жерден қараңыз.
