8-10 тамызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 8-10 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында дауылды жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауады, — делінген хабарламада.

Синоптиктер температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайтынын болжады. Еліміздің батыс аймақтарында күн ашық әрі ыстық болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да