Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн бұлттанып, жаңбыр жауады.

Астанада 5-7 тамыз аралығында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. 5 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С болады. 6 тамызда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Елордада түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С болады. 7 тамызда ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін (түнде +16+18°C, күндіз +25+27°C). Бұл күндері солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматыда 5 тамыз күні көшпелі бұлт болады, жауын-шашын болмайды. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С ыстық,;

6 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с болады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23+25°С, күндіз +35+37°С ыстық;

7 тамыз: көшпелі бұлтты, жаңбыр (күндіз кей уақытта қатты), найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте жаңбыр жауады. Мұнда 5 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с болады. Түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С. 6 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +30+32°С. 7 тамыз көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да