Алматы облысында 425 мектепке мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Білім министрінің тапсырмасы бойынша, облыс мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына мониториң жүргізілгені туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиенбай баспасөз мәслихатында айтты.
Облыс бойынша мониториң жұмыстары алты талап бойынша жүргізілген. Атап айтсақ:
- білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу;
- білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік;
- білім беру ұйымдарында жылы санитарлық тораптардың (дәретханалардың) болуы;
- білім беру ұйымдарында спортзалдар мен асханалардың болуы;
- жаңа модификациядағы пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттері.
Мониториң нәтижесінде облыстың 10 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шарт бойынша күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі алты айдан 11 айға дейін. 2023 жылдың соңына дейін екі білім беру нысанын, 2024 жылы сегіз нысанды аяқтау жоспарланып жатыр. Одан бөлек облыс бойынша барлық стандартқа сай 415 мектеп оқу жылына дайын тұр, — деді Ержан Жиенбай.
Айта кетейік, аймақта 16 мектепте мамандандырылған күзет енгізілген. 138 мектепте кіруді бақылау жүйесі іске қосылған. 398 мектепте полиция пультіне қосу арқылы дабыл түймелері орнатылған.
