Қазақстанда ауған кәсіпкерлерімен бірлесе сауда үйін ашуды пысықтау керек. Бұл туралы Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов айтты.
Біз Ауғанстан өндірушілермен бірлесе осындай жобаны бастап, елімізде Қазақстан-Ауғанстан сауда үйін ашуға дайынбыз. Бұл тұрғыда онда ауған өнімдерінің тұрақты көрме залын жабдықтауға дайынбыз, — деді Райымбек Баталов.
Бизнес-форумда сауда үйін Алматыда ашу туралы ұсыныс айтылды.