Қазақстан Ауғанстанға экспорттайтын тауарлардың тізбесін кеңейтеді

Қазақстан Ауғанстанға экспорттайтын тауарлардың тізбесін кеңейтеді. Бұл туралы Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Қазақстан Ауғанстанның тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, бейбіт, демократиялық және гүлденген мемлекет ретінде қалыптасуын жақтайтынын тағы да растағым келеді. Біз Ауғанстанмен қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды сақтауға мүдделіміз. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы іс жүзінде 1 миллиард АҚШ доллары (987,9 миллион АҚШ доллары) белгісіне жетіп, 2021 жылғы көрсеткіштерден екі есе артты. Тауар айналымының 90%-і қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі, — деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, елдер арасындағы сауда биылғы алты айда 343,6 миллион АҚШ доллары болды, оның ішінде Қазақстан экспорты 334,5 миллион долларға жетті.

Қазақстан үшін Ауғанстан ұн экспортының жалпы көлемінің 70%-і ұн нарығы саналады. Қазіргі кезде біз экспорт тауарларын әртараптандыру үрдісін көріп отырмыз. Біздің есептеулерімізге қарағанда, Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, мұнай-химия, металлургия, машина жасау салаларының тауарлары бойынша 500 миллион АҚШ доллары сомасына жеткізудің экспорттық әлеуетіне ие, — деді министр.