Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астана қандай болуы керек? Елорда тұрғындары 200 шаршы метрлік пазл құрастырды

Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы
Елордада «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы тұрғындармен бірге 200 шаршы метрлік пазл құрастырды.

30 шілдеде тұрғындар қала әкімдігінің алдында еліміздегі ең үлкен пазлды жасады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы ?? (@zhana.adamdar)

200 шаршы метрге жайғастырылған ойжұмбақ болашақ Астананы бейнелейді. Онда дамыған велоинфрақұрылым, көрікті бұрқақтар, ыңғайлы жаяу жолдар, жөнделген стадион, фламинго мекендейтін кіші Талдыкөл өзені және құрылысы 12 жылға созылған LRT бейнеленген.

Астана қандай болуы керек? Елорда тұрғындары 200 шаршы метрлік пазл құрастырды
Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Тұрғындар Астананың дәл осындай түрін болашақта көргісі келеді. Олар көп мәселені жеңіп шыққан қалада өмір сүруге үміттенеді. Осы пазл біздің наразылығымыздың және батылдығымыздың нышаны болады. Біз атқамінерлердің өз басты міндетін орындамай жүргенімен, яғни адамдарға қамқорлық көрсетпеуімен келісуге міндетті емеспіз. Бұл дұрыс емес!, — деді белсенді Ахметов Мирас.

Астана қандай болуы керек? Елорда тұрғындары 200 шаршы метрлік пазл құрастырды
Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы
Астана қандай болуы керек? Елорда тұрғындары 200 шаршы метрлік пазл құрастырды
Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Мақалаға реакция