Целиноград ауданының Қаражар ауылынан сегіз шақырым жерде қамыс өртенді. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, өрт 2 тамызда сағат 17.09 шамасында тұтанған. Қызыл жалын төрт гектар аумақты шарпыған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және бір өрт сөндіру техникасы, Астана ТЖД-нан 20 адам және бес техника жұмылдырылды. Өрт 3 тамызда сағат 03.50-де сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
