Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да