Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 2 тамызға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,04 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,84 теңге.

1 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,95 тиынға төмендеп, 444,94 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 444,5–448 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,71–4,95 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да