Қазақстанда вейпке толығымен тыйым салынады

Қазақстанда вейпке толығымен тыйым салынады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нұргүл Тау мәлімдеді.

Қазақстан үкіметі вейпке толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдады, — деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттар вейпті сатуға тыйым салу мәселесін бірнеше рет көтеріп, үкіметке сауал жолдаған еді.