Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді

Сараптама орталығының бұрынғы басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу 2022 жылы басталған. Параның сомасы — 2,5 мың доллар.

2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байғабыловқа қатысты ұсыныс қаралды, — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы Байғабыловқа («Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасарына) ақша бергені анықталды.

Айта кетйік, Сәдуақас Байғабылов 2023 жылғы 18 мамырда «Ұлттық сараптама орталығы» төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.