Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағындағы жолды жөндеп бітірді

22 шілдеде Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағына полимер асфальт төселді. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram арнасында хабаранды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жол қозғалысы ашық. Назарбаев және Достық даңғылдарындағы бұрылыстар жөнделді.

Жол жөндеу жұмыстарының келесі кезең – даңғылдың солтүстік жағындағы орташа жөндеу.

Қала әкімдігі 22 шілде сағат 23.00-ден 24 шілде сағат 07.00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Жарбұлақ өзенінен Сейфуллин даңғылына дейінгі батыс бағытта қозғалыс толығымен жабылатынын ескертті.

Жарбұлақ өзенінен Марков көшесі аралығында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері бақылайды. Әл-Фараби даңғылының көлік магистралі бойынша жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіледі және оқу жылы басталғанға дейін аяқталады, — делінген хабарламада.