Астанада өкпе обырының профилактикасы бойынша ашық есік күні өтеді

Елордада Дүниежүзілік өкпе обыры күніне орай 2023 жылғы 29 шілде мен 1 тамыз аралығында өкпенің қатерлі ісіктерінің профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күнін өткізеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана тұрғындары мен қонақтары сағат 09.00-дан 13.00-ге дейін окнолог, хирург дәрігерлерден тегін консультация ала алады.

Іс-шараның мақсаты — халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақтылы анықтау туралы хабардар ету.

Ол үшін жеке куәлік, барлық бұрыңғы медициналық қорытындылар, клиникалық-зертханалық зерттеулердің қолда бар нәтижелері керек.

Консультация Астанада, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, Клиникалық-диагностикалық емханасында өтеді.

Ескерту, дәрігерлердің консультациясы тек қатаң алдын ала жазылу арқылы дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8.00-17.00 уақыт арлығында Сall-орталықтың бірыңғай нөмірлері бойынша 8 (7172) 702-911, 702-900 хабарласуға болады. Cенбі, жексенбі — демалыс күндері.