Елімізде орташа зейнетақы мөлшері аталды

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері — 120 641 теңге. Бұл туралы  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, орташа зейнетақы ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 805 теңге, базалық зейнетақы – 37 836 теңге.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді.

Оның ішінде базалық зейнетақы – 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 триллион 142,7 миллиард теңге.

Ал 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 300 мың адам.