Басты бетЖаңалықтарСерік Күдебаевқа...

Серік Күдебаевқа елден қашу ісі бойынша сот үкімі шықты

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жаңа мерзім алды.

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Күдебаевтың елден қашу ісі қаралды.

Сот шешімі бойынша, Серік Күдебаев 392-бап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша кінәлі деп танылды. Оған алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза жиынтығы бойынша және ішінара қосу арқылы генерал жалпы мерзімі — 10 жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан экс-полиция генералы ұсталды.

2023 жылғы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.