Төтенше жағдайлар вице-министрі отставкаға өтініш берді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков отставкаға өтініш берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Күлдіковтің өз еркімен қызметінен босату туралы баянат жазғанын растаймыз. Қазіргі таңда оның лауазымнан босауын мақұлдау процедурасы жүріп жатыр, — делінген хабарламада.