Жайық өзенінде қайықтар соқтығысты: зардап шеккендер бар

Атырау облысындағы Жайық өзенінде серуен қайықтары соқтығысты. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 3 шілдеде сағат 20.05 шамасында болған.

Қайықтар Жайық өзенінде адамдарды серуендету қызметін атқарған. Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Түрлі дене жарақатын алған тоғыз адам ауруханаға жеткізілді.