Алматыда кейбір маршруттардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты №38, №119, №102 қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді:
- №38A оңтүстік бағытта (айналма жолмен) — Мұстафин көшесі — Саин көшесі (айналма жолмен) — одан әрі схема бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
- №119 маршрут — солтүстік бағытта — Асқаров көшесі — Садықов көшесі -Саин көшесі — одан әрі схема бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз.
Сонымен қатар Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:
- Солтүстік бағытта- Шұғыла көшесі — Әлмерек абыз көшесі — Қожаханов көшесі- Бенберин көшесі — одан әрі схема бойынша;
- Оңтүстік бағытта — Бенберин көшесі — Қожаханов көшесі — Әлмерек абыз көшесі-Шұғыла көшесі — одан әрі схема бойынша.
