Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады.

Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ұлттық музыкалық аспапқа арналған Домбыра күні 2018 жылы 12 маусымда шыққан президент жарлығымен ресми түрде бекітілді.