Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы туған. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1985-1986, 1987-1988 ж.ж. — Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы. 1988-1990 ж.ж. — Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы. Соңғы 10 жылда атқарған қызметтері:
2006-2007 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2007-2008 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдың наурыз — қазан аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008-2014 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2014 жылдың мамырында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2008) және 3 мерейтойлық медальмен марапатталған.
Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.