Марат Тәжин Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын, — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин — әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбеде туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 2007 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылдан бері бүгінге дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.